Үнзила Шапақ: Конституцияның жаңғыруы құқықтық дамудың заңды әрі табиғи көрінісі

28.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Теңгені Ата Заңда бекіту «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан тосқауыл қояды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы партияаралық дебатта Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Үнзила Шапақ айтты.

«Теңгені Ата Заңда бекіту ел аумағында қандай да бір басқа немесе «ортақ валюта» енгізу туралы қауесеттерге құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қойылатынын білдіреді. «АМАNАТ» партиясы өкілдері Конституциялық комиссия құрамында болып, осы норманың жаң Конституция жобасына енуіне қолдау көрсетті», - дейді ол.

Партияаралық дебатта Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ жаңа Конституция жобасы демократиялық институттарды институционалдық тұрғыдан күшейтуді, құқықтық үстемдігін қамтамасыз етуді, «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті Қазақстан тұжырымдамасын бекітуді және экономикалық тұрақтылықты арттыруды көздейтінін айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью