ҰҚК: 2026 жылғы қаңтар айында 110 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді

03.02.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы қаңтар айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қорытындыларын жариялады.
Жыл басынан 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 110 сыбайлас жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.
89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды.

129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121 сотқа жіберілді.

Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 18 млрд теңгені құрады, бюджетке 100 млн теңгеден астам қайтарылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда

Бүгін, 10:25

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью