Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Қуат Ақшабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Қуат Ақшабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?Бұған дейін желіде Қуат Ақшабаевты ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Жазбада шенеунік 28 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылған. Кейінірек болжамды пара сомасы шамамен 323 миллион теңге болуы мүмкін екені жөнінде мәліметтер пайда болды.
ҰҚК не дейді?Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жүргізіліп жатқанын растады.
"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген ресми сауалға берілген жауапта.
Алайда ҰҚК тергеудің нақты мән-жайын және Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша іс қозғалғанын ашып көрсеткен жоқ.
Әкімдік не дейді?Іле ауданы әкімдігі 16 қаңтарда Қуат Ақшабаевтың өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлады.
"Қуат Ақшабаев бұған дейін әкімніңторынбасары қызметінен босатылғанын және қазіргі уақытта бұл лауазымды атқармайтынын хабарлаймыз", – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа үкім шыққан болатын. Экс-әкім мен өзге де фигуранттарға қатысты іс Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша қаралды. Олардың қатарында мүлікті иемдену және ысырап ету, алаяқтық, экологиялық талаптарды бұзу, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану және теріс пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, сондай-ақ қызметтік жалғандық бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!