ҰҚК алаяқтық жасады деген күдікпен Оңтүстік Кореяның 14 азаматын ұстады

30.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Алаяқтықпен айналысқан колл-орталықтар әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады.

"Оларға қатысты Корея елінің құқық қорғау органы телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр", - дейді комитетте.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды.

Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью