Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Арнайы шара барысында барлығы 63 қару тәркіленді. Оның ішінде 4 автомат, 38 мылтық, 20 тапанша, бір реактивті шабуыл гранатаатқышы, 4 граната және 188 оқ-дәрі бар.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы аумағында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өндірістік жарылғыш зат анықталып, тәркіленген.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін, 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қалада арнайы операция өткізіп, қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз жинап, таратты деген күдікке ілінген топтың қызметін тоқтатқан болатын.