ҰҚК азаматтарға жүргізуші куәлігін заңсыз алуға жәрдемдескен қызметкерлерді әшкереледі

19.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерімен бөлісті.

2026 жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін ресімдеу кезінде заңсыз сыйақы алу және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері анықталды.

© Photo : Служба по противодействию коррупции КНБ КазахстанаКНБ провел задержание сотрудников СпецЦОНов в регионах Казахстана

КНБ провел задержание сотрудников СпецЦОНов в регионах Казахстана

© Photo : Служба по противодействию коррупции КНБ Казахстана

"Астана қаласында Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының бұрынғы орынбасары жүйелі түрде пара алу арқылы азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдескені үшін әшкереленді. Жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын 60-тан астам факті процестік түрде құжатталды", - деп жазылған хабарламада.

© Photo : Служба по противодействию коррупции КНБ КазахстанаКНБ провел задержание сотрудников СпецЦОНов в регионах Казахстана

КНБ провел задержание сотрудников СпецЦОНов в регионах Казахстана

© Photo : Служба по противодействию коррупции КНБ Казахстана

Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО және Екібастұз қаласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдары басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді. Олардың жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырғаны үшін ақшалай қаражат алғаны анықталды.

Бұдан бөлек Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдарында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу және ауыртпалықтарды алып тастау кезінде өз өкілеттіктерін теріс пайдаланған лауазымды тұлғалардың заңсыз баю фактілері анықталды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью