ҰҚК бір күнде қылмыстық топтың 20 мүшесін ұстады

06.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 6 ақпан - Sputnik. Қазақстанның 8 аймағында қылмыс жасады деген күдікпен 20 адам ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Биыл 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен арнайы шара өткізді.

Ол қару-жарақты өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөлікті заңдастыру, сондай-ақ өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған.

Іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілді.

"20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - дейді комитетте.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, дейді ұлттық қауіпсіздік комитетінде.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью