Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қазақстан заңнамасын бұзып жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады. Ведомство мәліметінше, шетелдіктер халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында ұсталғандардан көптеген компьютерлік техника, мобильді телефондар, Starlink спутниктік интернет-байланыс жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.
Қытай азаматтарының ұсталуы. ҰҚК баспасөз қызметінің фотосы
Ведомствоның мәліметінше, алаяқтық схема өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.
ҰҚК баспасөз қызметінің фотосы
Ұсталғандардың кейбірі іздеуде болғанҰҚК Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі серіктестерімен бірлесіп әрі қарай тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ұсталғандардың кейбірі өз отанында осыған ұқсас қылмыстары үшін іздеуде жүргені анықталды.
ҰҚК баспасөз қызметінің фотосы
16 қазанда Қытай азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстаннан шығарылып, әрі қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін ҚХР-дың құзырлы органдарына тапсырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК Ресей және Өзбекстан арнайы қызметтерімен бірлесіп Ауғанстаннан келетін есірткі контрабандасының жолын кесті. Ресейдің Тюмень қаласында халықаралық есірткі тобының мүшелері ұсталды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу