Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
ҰҚК Шекара қызметі тамыздың алғашқы он күнінде Қазақстан шекарасы арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 551 дерегінің жолын кесті. Өнімдердің жалпы құны 1 миллиард теңгеден асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жанар-жағармай материалдарын шығарудың 400-ден аса әрекеті
Анықталған жағдайлардың басым бөлігі жанар-жағармай материалдарына байланысты. Шекарашылар жанар-жағармай өнімдерін заңсыз шығарудың 411 әрекетіне тосқауыл қойды.
Тағы 140 заңбұзушылық халық тұтынатын тауарларды заңсыз тасымалдауға қатысты болды.
Кінәлі тұлғалар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
ҰҚК мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізу деректерін анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
ҰҚК Қазақстаннан ақша шығару әрекеттері туралы хабарлады
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу