​ҰҚК қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған алаяқтық жүйені анықтады

28.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы қаласында телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді. 

ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, арнайы операция 2026 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен өткізілді. 

Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.

Атап айтсақ, бұлар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиянды бағдарламалық қамтылымды қолданған.

Осы схема бойынша 4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты.

Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бүгін, 11:59

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью