ҰҚК қазақстандықтарға ескертумен жүгінді

09.06.2026

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ел азаматтарына республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізілетіні ескертілді.

"2026 жылғы 5 мен 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы "Найза-Антитеррор-2026" терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуде. Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жекеленген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ведомство қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрады. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеу ұсынылды.

Бұған дейін Алматы облысында жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью