ҰҚК Қазақстанның 12 өңірінде қару жарақ пен оқ дәрі тәркіленгенін мәлімдеді

03.09.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ведомство мәліметінше, биылғы тамызда ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 12 өңірінде қарудың заңсыз айналымын тоқтатуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

"Барлығы 56 қару, соның ішінде 4 автомат, 34 мылтық, 18 тапанша, сондай-ақ 13 граната мен 314 оқ-дәрі тәркіленді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады бейсенбі күні комитеттің баспасөз қызметі.

ҰҚК түсіндіргендей, өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 2 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметі жұмысының нәтижелері туралы ақпарат берген еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью