Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қостанай білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Оның ұсталғаны туралы ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Оның ұсталғаны туралы ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оразбаева Қостанай білім бөлімін 2023 жылдан бастап басқарған. Хабарламаға сәйкес, ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің өндірісінде қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс жатыр. Олар өзге тұлғалармен топтасып, мектептерге бөлінген бюджет ақшасын жымқырған.
"Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Оразбаева Гүлсім ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.
Прокуратура мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу амалдары, соның ішінде лауазымды тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді.
Бұған дейін желіде Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Шенеунік жұмыс орнында ұсталды деген мәлімет айтылды. ҰҚК Келесовке қатысты тергеу жүргізу фактісін растады.