ҰҚК Шекара қызметі 60 млн теңгелік темекі контрабандасының жолын кесті

27.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— А.ж. 19 ақпанда «Сыпатай батыр» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі ел аумағына 150 мың қорапта акцизсіз темекі әкелу әрекетінің жолын кесті. Ұсталған тауардың алдын ала құны 60 млн теңгені құрайды, — деп хабарлады ҰҚК-нен.

Темекі бұйымдары автокөлік цистернасының жасырын орнында жасырылған. Жүк ілеспе құжаттарсыз жүрген.

Осы фактіге қатысты материалдар процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға берілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью