ҰҚК шекарада қылмыстық топтың заңсыз қызметінің жолын кесті

22.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Ашық дереккөз

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, топ мүшелері мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырды деп күдіктеліп отыр.

ҰҚК Шекара академиясына базалық ұйым мәртебесін беру туралы ереже бекітілді

17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ал олардың 5-еуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тінту барысында 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.

Бұған дейін ҰҚК қызметкерлері Атырау әкімін жұмыс орнынан алып кеткені туралы айтылған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью