Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Павлодар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұрынғы бастығы, бұған дейін лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдікке ілінген Бекзат Оразовқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Не болды?
Бекзат Оразовтың тергеуге алынғаны туралы ақпарат 2026 жылғы ақпанда тараған болатын. Ол кезде Қорғаныс министрлігі оған қатысты қылмыстық істі ҰҚК-нің Павлодар облыстық департаменті тергеп жатқанын хабарлаған. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі бағынышты қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп, 6 ақпанда Павлодар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Оразов қызметінен босатылды.
Қылмыс құрамы табылмадыҚорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу кезінде және түпкілікті процестік шешім қабылданғанға дейін Бекзат Оразов ведомство қарамағында болған.
"2026 жылғы 26 маусымда подполковник Бекзат Оразовтың іс-әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды. 24 тамыздан бастап ол Павлодар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы лауазымына қайта тағайындалып, әскери қызметін жалғастырып жатыр", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.
Ведомство әскери комиссар Бекзат Оразов нақты не үшін тергеуге алынғанын, сондай-ақ тергеуге қандай жағдайлар негіз болғанын нақтыламады.
Бекзат Оразов Павлодар облысының бас әскери комиссары лауазымына 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу