Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Украинадағы жағдайды және Батыстың Украинаны НАТО-ға тартуға бағытталған саясатын талқылады, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Осындай деструктивті саясаттың бір көрінісі – тарихи инерциямен әрекет етіп отырған біздің батыстық әріптестеріміздің Украинаны НАТО-ға белсенді түрде тартуы", – деді Лавров ҰҚШҰ СІМК кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Ол сондай-ақ Еуропалық Одақтың Украинадағы дағдарысты реттеуге көмектесуге мүмкіндігі болғанын, бірақ сол мүмкіндіктің бәрін жіберіп алғанын атап өтті.
"Егер Еуропалық Одақ қақтығысты шын мәнінде реттеуге көмектескісі келсе, мұндай мүмкіндік көп болды, бірақ олардың бәрін жіберіп алды", – деді Лавров.