Уразбахтин: Челси Сәтпаевты Алонсо келмей тұрып ақ командада қалдыруды жоспарлаған

30.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Getty Images

Уразбахтиннің айтуынша, бұған дейін Дастан «Челсиде» тағылымдамадан өтіп жүрген кезінде «Қайрат» делегациясы клубтың скаутинг бөлімімен кездескен. Сол кезде «Челсидің» Дастанға қатысты нақты жоспары болған.

«Хаби Алонсо келгенге дейін-ақ клуб басшылығы Дастанның міндетті түрде «Челсиде» қалатынын, оның бейімделуі үшін тұрақты ойын тәжірибесі берілетінін айтқан болатын. Сондықтан оның командада өз орнын табуына мүмкіндігі өте жоғары деп есептеймін, деді маман.

Хаби Алонсо Дастан Сәтпаевқа жоғары баға берді

Сондай-ақ бас бапкер Сәтпаевты «Челси»-дағы басты бәсекелестерінің бірі Лиам Делаппен салыстырып, ұлттық құрама шабуылшысының артықшылықтарына тоқталды.

«Делаптың тәжірибесі көбірек болуы мүмкін, өйткені ол Чемпионшип пен Англия Премьер-лигасында ойнады. Бірақ Дастан жылдамырақ, төзімдірек әрі ойын мәнері жағынан жан-жақты. Мен өз таңдауымды жасасам, Дастанды таңдар едім. Әрине, бұл – жеке пікірім. Оның дебюттегі голы өзіне де, бапкерлер штабына да сенімділік береді. Хаби Алонсоның баспасөз мәслихатын тыңдадық, ол да Дастан туралы өте жақсы пікір білдірді, деді Уразбахтин.

«Челсидің» Дастан Сатпаев туралы жазбасы миллионнан астам лайк жинады

Еске салайық, 28 шілдеде Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы матчында гол соғып, «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесудің алтыншы минутында есеп ашқан болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью