Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Атап айтқанда, бұл институтта ұйғырдың тарихи музыкалық жәдігері, рухани қазынасы саналатын «он екі мұқам» саз өнерінен бөлек, қазақ пен қырғыздың, тәжіктердің мәденитіне арналған құнды жәдігерлер баршылық.
Фото: Руслан Ғаббасов/KazinformОсы оқу орнының оқытушылары Шыңжаң аумағындағы аз ұлттардың тілінде жазылған әндерді зерттеуге үлес қосқан музыкатанушы Вань Туншуды ерекше құрметтейді. Осыдан 20 жыл бұрын «ЮНЕСКО» «Он екі мұқамды» ұйғыр халқының рухани қазынасы, ұлттық музыка мұрасы ретінде тізіміне қосты. В. Туншу 1950-ші жылдары «Ұйғырдың он екі мұқамы» жайында деректерді жинақтап, әуендерді таспаға түсірген. Зерттеуші өз өмірін негізінен Шыңжаңдаға өнерге арнаған.
Фото: Руслан Ғаббасов/KazinformҚазір ұйғыр мұқамы музыка өнері бүкіл әлемге танымал болды. «Он екі мұқам» — халық арасына кең таралған жанды музыканың дәстүрлі мектебі, сондай-ақ ғасырдан ғасырға жалғасқан халықтық ән-жыр мен көркем өнердің дастандары негізінде қалыптасқан.
Фото: Руслан Ғаббасов/KazinformШыңжаң өнер институты жанындағы музейдің қызметкері Филора Фархадтың айтуынша, осында музыкатанушы Вань Туншудың еңбектері қойылған, сондай-ақ қазақ, ұйғыр, қырғыз және тәжіктердің ұлттық аспаптарының барлық түрі Шыңжаң аумағынан жинақталған.
Фото: Руслан Ғаббасов/KazinformФото: Руслан Ғаббасов/Kazinform— Бізге АҚШ-тан, Англиядан, Канададан, Индонезиядан біраз турист келіп, осындағы аспаптардың әралуандығына тәнті болды. Бес жыл бұрын ашылған бұл музейдегі құнды жәдігерлерді көруге келетіндердің қарасы қалың. Үрімжіні бізде ән мен бидің орталығы деп жиі айтады, сондықтан осы сұранысты заңды құбылыс деп ойлаймын, — дейді Ф. Фархад.
Қазір музейде 150-ге жуық аспап бар. Олардың көбі ағаштан жасалғандықтан, ерекше күтімді қажет етеді.
Фото: Руслан Ғаббасов/KazinformФото: Руслан Ғаббасов/Kazinform— Бізде қазақтың ұлттық аспаптары көп жинақталған. Өнер институтының студенттері де осы аспаптар жайында кеңірек мәлімет алуға тырысады, — деді Ф. Фархад.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үрімжі марафонында қандастарымыз топ жарды.
Фото: Руслан Ғаббасов/Kazinform Фото: Руслан Ғаббасов/Kazinform Фото: Руслан Ғаббасов/Kazinform Фото: Руслан Ғаббасов/Kazinform