Ұрлықшының әрекеті видеоға түсіп қалды

31.01.2026

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қарағандыда ұрлық жасаған күдіктінің әрекеті видеоға түсіп қалды. Полиция ұрыны “ізін суытпай” ұстағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

29 қаңтар күні Майқұдықтан Қарағанды қаласы бағытындағы аялдаманың бірінде 59 жастағы тұрғынның сөмкесінен 35 мың теңге көлемінде ақшасы ұрланған. Күдікті қаражатты жасырын түрде қолды еткен. 

«Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында күдікті бірден анықталып, ұсталды. Ол 39 жастағы ер адам болып шықты», - деп хабарлады ПД. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью