Ұрпақ алдындағы жауапкершілік

22.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы еліміздің тарихи-мәдени мұраларын сақтау мен дәріптеудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Президент ел аумағында танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлердің мол екенін атап өтті.

Сурет: facebook.com/olzhas.shariyazdanov

Жаркент мешіті мен Алматы­дағы Вознесенск кафедралды соборы – халқымыздың мәдени әр­алуандығы мен өзара татулығын айшықтайтын бірегей сәулет ескерткіштері. Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарас­ты «Қазқайтажаңарту» РМК Жаркент мешітіне ғылыми рестав­рация жұмыстарын жүр­гізуді жос­парлап отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қаратау петроглифтеріне, Қызылорда өңіріндегі Сауыс­қан­дық пен Түркістан облысындағы Арпаөзенінен табылған жалпы саны 17 мыңға жуық петроглифке ерекше назар аударды. Төрт мың жылдық тарихы бар таңбалы тастар халқымыздың рухани тамырының тереңде жатқанын дәлелдейді. Президент осы сынды құнды тарихи ескерткіштер мен ұлттық дәстүрлердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра­лар тізі­міне енгізілуіне әбден лайық екенін айтып, құзырлы орган­дарға нақты тапсырма жүк­теді.

Бұл тұрғыда аталған мекеме 50 жылдан астам уақыт бойы ел аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау мен қайта жаңғырту ісіне қызмет етіп келеді. Осыны негізге ала отырып, кәсіби біліктілікті ұштастырып, ал­дағы уақытта аталған нысандар­ды ЮНЕСКО тізіміне енгізуге атсалысуға дайынбыз.

Өйткені мекеме еліміздегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сынды бірқатар нысанды ЮНЕСКО талаптарына сай реставрациялау, ғылыми зерттеу және зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша бірегей тәжірибе жинақтаған.

Ұжым Мемлекет басшысының Құрылтайда атап өткен тарихи-мәде­ни мұраларды сақтау, қал­пы­на келтіру және ғылыми тұр­ғы­да зерттеу жөніндегі бастамаларын іске асыру бағытында жүйе­лі жұмыс жүргізіп келе­ді. Аталған ескерткіштерді қорғау – тек өткенге тағзым ғана емес, бола­шақ ұрпақ алдындағы ортақ жауап­кер­шілігіміз.

Олжас ШАРИЯЗДАНОВ,

«Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью