Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

12.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бала тәрбиесі – барша халыққа ортақ құндылық. Осы тақырыпты зерттеп, зерделеп, жалпы адам баласына ортақ тұжырым ұсынған шетелдік әлеуметтік психолог мамандар баршылық. Мысалы, америкалық танымал психолог Диана Баумринд көпшілікке бала тәрбиелеудің үш негізін ұсынған екен. Оның бірін­шісі – сыйластық тәрбие (authoritative), екіншісі – автори­тарлық тәрбие (authoritarian), үшіншісі салғырттық тәрбие (permissive) десе, кейінгі жылдары Стэнфорд университетінің (АҚШ, Калифорния штаты) психолог мамандары Элеонор Маккоби мен Жон Мартин төртінші негіз ретінде еркін тәрбие (uninvolved) ұғымын қосыпты.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

– Әуелі, – дейді жоғары­дағы психолог мамандар. – Құр­метті ата-ана, сіз бала тәрбиелеу ісінде біз ұсы­нып отырған төрт негіздің қай­сысына бейімділігіңізді білу аса маңызды. Өйткені әр адам­ның мінез-құлқы, өмір сүру дағдысы, қоғамдық көзқарасы, адамдармен қарым-қаты­насы, өзінің әлеуетін ба­ғалауы, денсаулығы әрқилы. Сол себепті ата-ата бала тәр­биесінде ұсынылып отыр­ған төрт негіздің бірін өзінің жаратылыс болмысына қарай таңдауға тиіс. Өйткені тәрбие негізі дегеніміз – ата-ананың балаға қатынасын реттейтін басты қағидат.

Осы орайда төрт тәрбие негі­зіне жеке-жеке тоқталар болсақ: бірінші – сыйластық тәрбие. Мұның басты ұстаны­мы: қатаң талап қою арқылы баланың бағы­тын түзу; жеке тәртібін қада­ға­лауда жылы рай таныту; бала­ның көзқа­расына құрметпен қарау; қателігін мойындауға үйрету; бастысы ата-ана мен бала арасындағы қатынастың шегін белгілеу, т.б.

Бұл ұстанымдарды бас­шы­­лыққа алған ата-ана бала­сының тәрбиесін жақсы ба­­ғытқа түзей алады. Әрі бала­ның арман-мақсат жолын­да­ғы пейілін қолдайды. Осы­лай ортақ сыйластық тәрбие­ге қаныққан бала дара көзқарасты, тәртіпті болып өседі.

Мысалы, балаңыз қандай бір сайысқа қатысу керек болды. Бірақ кешігіп, бара алмады. Сол үшін қапаланды. Мұн­дайда ата-ана: «Сенің қапа­ланғаның дұрыс, бірақ уа­қыттық оқиға үшін жүйкеңе салмақ түсірудің қажеті қан­ша», деп баласын қолдай оты­рып, мәселені шешудің оң­тай­лы жолын ұсынады.

Тәрбиенің екінші негізі – авторитарлық тәрбие ха­қында айтсақ. Оның бас­ты сипаттары: қатаң талап қояды, бірақ нәтижесіне мән бермейді; баланың көзқарасы мен танымын ескермей, міндет жүктейді; баланы «біз айттық болды» деген біржақты ше­шім­ге бойұсындырады; отба­сы­лық ортақ мәміледе ата-ананың пікірі үстем тұрады.

Бұл шарттарды үлгі тұтқан ата-ана баласына өздерінің көзқарасын тықпалап, оның жеке пікірімен санаспайды әрі үнемі бақылауында бо­луын қалайды. Егер бұл талаптары орындалмаса, жазалау тәсіліне көшеді.

Мысалы, бала ата-анасымен бірге дүкенге бас сұққан бойда, ойыншық алып беруін өтінді. Ата-анасы «жоқ» деп жауап қатты, бала жылады. Ата-анасы баласына: «Жылауды доғармасаң, үйдегі барлық ойыншығыңды далаға шығарып тастаймыз», деп үрей тудырды. Нәтижесінде, балаға «өзін әрдайым қауіпті сәттер күтіп тұр» деген түсінік қалыптасады да, ұдайы үрей құшағында жүреді.

Америкалық психологтер ұсынып отырған үшінші негіз – салғырттық тәрбие. Оның сипаттары: талап ету жайы әлсіз; жауапкершілік нашар; баланың ісі мен әрекетіне мән бермеу; қамқорлық танытып, балаға дұрыс бағыт-бағдар нұсқалмайды, т.б.

Тәрбиенің мұндай бағы­тына бой алдырған ата-ана баласының болашағына алаң­­дамайды, тіпті қарым-қа­тынасы суық тартып тұрады. Бұл негізге – отбасылық құн­дылыққа мән бермейтін, бала­ларының ас-ауқатына на­зар аудармайтын, олардың іс-әре­кетіне жауапкершілікпен қарамайтын ата-аналарды жатқызамыз.

Бала тәрбиесінің төртінші негізі – еркін тәрбие. Мұның сипаттары: шектен тыс талап қоймайды; ашық қатынас орнатады; баланы өзі шешім қабылдауға үйретеді; баланың болашақ бақытын бәрінен жоғары қояды.

Бұл бағытты ұстанған ата-ана балаларын дос-құрдасы сияқты еркін әрі тең ұстайды. Әрқандай шиелісті оқиға­ның алдын алады, болған жағдайда жауапкершілікті өз­деріне алып, барлық мәсе­леде балаларының пікірін тыңдайды.

Мысалы, ертең сабақ, бірақ балалар түнімен кино көруді қалады. Әрине, бұл зиян. Балалар ертең сабақ үстінде ұйықтайды, я болмаса шаршап отырады. Ата-ана осыны біле тұра рұқсат береді. Өйткені олар балаларының өз бетімен шешім қабылдап, ісінің дұрыс-бұрыстығын сезгенін қалайды.

Жоғарыдағы психологтер өздері ұсынған төрт негіздің ішінде сыйластық тәсілі ең нәтижелі деп таныпты.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:12

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Үкімет • Бүгін, 09:00

Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды

Саясат • Бүгін, 08:55

Шыны зауытындағы бірегей жобалар

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі

Энергетика • Бүгін, 08:45

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Қоғам • Бүгін, 08:40

Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

Пікір • Бүгін, 08:38

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

Зерде • Бүгін, 08:35

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 08:33

Оқушылар қалай тамақтанады?

Білім • Бүгін, 08:30

Ата-анаға құрмет – елдік қасиет

Пікір • Бүгін, 08:28

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Тәрбие • Бүгін, 08:25

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Пікір • Бүгін, 08:22

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Білім • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью