Ұршық иірген күн

19.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Наурыз мейрамы қарсаңында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі игі іс-шаралардың легін бастап кетті. Соның бірі – оқушы қыз балалар арасында өткен «Дәстүр – ұлттың тамыры» атты байқау.

Суреттерді түсірген – Қасиет Мұхтаров

Қыз балалардың бойына ұлттық құн­дылықтарды сіңіруді көздейтін байқауға облыс орталығындағы мектептердің оқушылары ерекше қызығу­шылықпен қатысты.

– Байқаудың негізгі мақсаты – халқымыздың сан ғасырлық ұлттық өнері ұршық иіруді жаң­ғырту, оқушыларды төл мәде­ниетімізге баулу әрі қолөнер туындыларын күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Бұл іс-шара жас буынның шығармашылық ізденісін арттырып, қазақтың салт-дәстүріне деген құрметін нығайтуға бағытталған, деп атап өтті музей қызметкері Назымгүл Шапағат.

Ұйымдастырушы­лар­дың сөзінше, байқауға 6-9 сыныптарда оқитын қыз ба­лалардың шақырылуы кездейсоқ емес. Себебі бұл кезеңде олардың бо-йында шеберлікке, эстетикалық талғамға, ұлттық тәрбиеге деген қызығушылық қалыптасады. Ал дәстүр – халықтың өткені мен болашағын жалғайтын алтын көпір. Байқау барысында қатысушылар тек өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, ұлттық қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, оны заманауи мәнермен ұштас­тыруды үйренді.

Алғашқы кезеңде қатысушылар жүнді қолмен түту шеберлігін көрсетті. Ал екінші бөлімде жылдам иіру қабілетін, ұршықпен жұмыс істеудегі ептіліктерін байқатып, ұршықтың жасалу жолдары мен иіру әдістерін, қазақ аналарының күнделікті тұрмы­сында қандай маңызға ие болғанын әңгімеледі.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимна­зия-интернатының оқушысы Дильназ Тәтенова, екінші орынды №48 орта мектептің оқушысы Нұрсая Сәрсенбай жеңіп алса, жүлделі үштікті «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің шәкірті Нағима Уәлиден түйіндеді. Бірінші орын иегері планшетке, жүлдегерлер ұялы телефонға ие болды. Қатысушыларға  ұлттық әшекейлер сыйға тартылды.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды

Күрес • Кеше

«Егемен Қазақстан» фото тілшісі Ерлан Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Марапат • Кеше

Елімізде 30 елді мекенді су басу қаупі бар

Су тасқыны • Кеше

Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес

Қоғам • Кеше

Асхат Аймағамбетов: Қызметкерлерге скринингтен өту үшін жылына 3 күнге дейін демалыс беріледі

Қоғам • Кеше

Жетісу облысындағы балабақшада қауіпті қалдықтар сақталған

Оқиға • Кеше

Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады

Қоғам • Кеше

Ертең еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

Ауа райы • Кеше

Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты

Оқиға • Кеше

Алматыда «ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

Оқиға • Кеше

Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Әкімдер қызметі қандай көрсеткішпен өлшенуі керек?

Экономика • Кеше

Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады

Әскер • Кеше

«Ұлттық киім» шеруі: Елордалық тұрғындар дәстүрлі киіммен көпшілікті тәнті етті

Мереке • Кеше

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью