Үру, жағымсыз иіс және ластық: көршілері Алматыдағы ондаған ит асыралған пәтер туралы айтты

28.08.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары пәтерінде ондаған ит ұстайтын көршісіне бірнеше жылдан бері шағымданып келеді. Жануарлар үнемі үріп, подъезде жүгіреді және пәтер мен ортақ пайдаланылатын орындарды ластайды. Көршілерінің айтуынша, бұдан төменгі қабаттағы пәтерлер де зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, 75 жастағы әйел көшеден иттерді үнемі жинап әкеледі. Уақыт өте келе оның пәтерінде 20-дан астам жануар жиналған.

Төменгі қабатта тұратын көршісі Хамид Байысов оның пәтерін бірнеше рет нәжіс суы басқанын айтып берді.

"Жануарлардың зәрі мен нәжісі еденге тамады. Мұнда шалшық жиналады. Жағымсыз иіске шыдау мүмкін болмаған соң жөндеу жұмыстарын толық бастадық. Алдыңғы иелерінің бір жыл бұрын жасаған жөндеу жұмыстарының бәрі жарамсыз болып қалды", - деді ол.

Сондай-ақ тұрғындар иттердің тынымсыз үргеніне шағымданып, әйелдің кейде оларды пәтерден шығарып жіберетінін алға тартты. Олардың айтуынша, жануарлар подъез бен көшеде жүгіріп, өтіп бара жатқан адамдарды қағып кетуі мүмкін.

Үйдің тағы бір тұрғыны бұл мәселенің шу мен жағымсыз иістен де асып кеткенін айтады.

"Ол нәжістерді терезеден лақтырады. Сондай-ақ жануарлардың, үлкенді-кішілі иттердің өлекселерін қоқысқа тастаған кездері де болды. Көршілердің айтуынша, ол далаға шыққанда оларға балтамен қоқан-лоқы көрсететін көрінеді", - деді ол.

Полицияның мәліметінше, бұған дейін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.

"Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Тексеруге мүдделі мемлекеттік органдар мен қызметтер тартылды. Нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп хабарлады Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью