Ұрып соғып, “ІІМ дегі туыстарымен” қорқытқан алматылық әйел оны сталкерден қорғауды сұрады

27.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы тұрғыны Threads желісінде өзін қудалаудан қорғауды сұрап, жазба жариялады. Ол өзін үнемі өліммен қорқытып, балағаттайтын ер адамның үстінен шағымданды. Оның айтуынша, күдікті полицияда жоғары лауазымды туысы барын айтып сес көрсеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны Threads желісінде өзін қудалаудан қорғауды сұрап, жазба жариялады. Ол өзін үнемі өліммен қорқытып, балағаттайтын ер адамның үстінен шағымданды. Оның айтуынша, күдікті полицияда жоғары лауазымды туысы барын айтып сес көрсеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Алматылық Карина Әбенова редакция тілшісіне екі ай бойы бұрынғы жігіті өзіне және жақындарына қысым көрсетіп, бопсалап жүргенін айтып берді.

Әбенова ер адаммен 2025 жылдың шілдесінде танысқанын түсіндірді. Алайда қарым-қатынасты тоқтатуға тырысқаннан кейін, ол қудалауды, абыройына нұқсан келтіретін мәліметтер таратуды және қоқан-лоқы көрсетуді бастаған. Соның салдарынан бойжеткен жұмыстан шығып, телефон нөмірін бірнеше рет ауыстыруға мәжбүр болған.

Оның сөзінше, 2026 жылдың наурызында Түркістанда әлгі адам оны қызғаныштан ұрып-соғып, болған жайтты видеоға түсіріп алған.

"Ол видеода мені кешірім сұрауға мәжбүрлейді, мен онда жылап тұрмын, ал ол: "Мен сені не үшін ұрдым?" – деп сұрайды. Яғни ол жасаған ісін камера алдында мойындап тұр", – дейді зардап шегуші.

Фотоны Карина Әбенова ұсынды

Әбенованың айтуынша, ер адам оның жүрген жерін GPS арқылы бақылап, отбасына қауіп төндірген.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді

30 наурыз 15:27 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді

31 наурыз 16:22 1

Полицияға жүгіну

Карина Әбенова өз өміріне қауіп төнгендіктен жасырынып жүруге мәжбүр екенін айтады. Ол құқық қорғау органдарынан көмек сұраған.

"2026 жылдың 6 сәуірінде қорғау нұсқамасын алу үшін Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасына арыз түсірдім. Бірақ түрлі себептермен полиция қызметкерлері оны маған бермей жатыр. Осы уақыт бойы Д. Г. арызымды қайтып алуым үшін мені өліммен қорқытып келеді. Қазір бұл адамнан бәрін күтуге болады, сондықтан жасырынуға мәжбүрмін", – деді ол өз бейнеүндеуінде.

Сонымен қатар ол ер адамның өзіне және жақындарына дөрекі түрде қоқан-лоққы көрсетіп, ұлтына тіл тигізген аудиожазбасын да қоса ұсынды.

"Сені қай жерден ұстауды білемін. (...) Балаларыңның жүрегін суырып аламын. Тек байқап көр", – дейді ол аудиожазбада.

Бұдан бөлек, басқа жазбада ер адам ішкі істер органдарының жоғары лауазымды қызметкерлерінің біріне туыс болып келетінін айтқан.

Алматы ПД не дейді?

Алматы Полиция департаменті 115-1 бабы "Сталкинг" (қудалау) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Құқық қорғау органдары зардап шегушіге қорғау нұсқамасы берілгенін және ер адамның жеке басы анықталғанын атап өтті:

"Болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ПД.

Сондай-ақ полиция ер адамның ІІМ-нің жоғары лауазымды тұлғаларымен "туыстық байланысы" туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді:

"Күдіктінің ішкі істер органдарының қызметкерлерімен туыстық қатынасы бар деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ іс қозғаудан "бас тарту" туралы шешім қабылданды деген ақпарат та жалған", – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар ер адамның зардап шегушіге қатысты физикалық күш қолдану бойынша тағы бір қылмыстық іске қатысы бар екені анықталды.

"Аталған тұлғаға қатысты дене жарақатын салу дерегі бойынша бөлек қылмыстық іс бар, оны тергеумен Түркістан облысының полиция департаменті айналысып жатыр".

Зардап шегуші айыпты ауырлатуды талап етеді

Тергеу басталғанына қарамастан, Карина Әбенова күдіктінің Қазақстаннан шығып кеткенін айтты.

"Мен оларға (полицияға – ред. ескертпесі) егер іздеу жарияламасаңыздар, ол кетіп қалады деп айтқанмын. Олар маған бір апта бұрын іздеуге бердік деген. Бірақ қарасам, ол қазір Таиландта жүр. Сол жақтан ініме тағы да қоқан-лоқы хабарламаларын жіберіп жатыр", – деді Карина Әбенова.

Қазір Карина Әбенова қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр. Ол ер адамға тек қудалау мен ұрып-соғу үшін емес, сонымен қатар жеке сипаттағы материалдарды жариялағаны және ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін де айып тағылуын сұрайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью