Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстанның екі өңірінде әуежай инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Үржарда қолданыстағы терминал жаңғыртылса, Атырауда жаңа жолаушылар кешенінің құрылысы басталып кетті, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Атырау әуежайы
Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда жаңа жолаушылар терминалы салынып жатыр.
Қазіргі жағдай қандай? Өңір әкімдігі мәліметінше, әуежай аумағында қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзу, алаңды дайындау және жер жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жаңа терминалдың ауданы 16,5 мың шаршы метр болады. Оның құрылысы әуежайдың өткізу қабілетін қазіргі 800 мыңнан жылына 2,944 миллион жолаушыға дейін айтарлықтай арттыруы тиіс. 2024 жылдың қыркүйегінде инвестор нысанды терминалды әуе кемелерімен байланыстыратын үш жаңа телескопиялық траппен жабдықтайтыны хабарланған болатын.
Қашан аяқталады: жаңа терминал құрылысын 2027 жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.
Азаматтық авиация комитеті (ААК) мәліметінше, қазір Атырау әуежайынан аптасына 86 ішкі және 15 халықаралық рейс орындалады.
Үржар әуежайы (Абай облысы)Үржарда жаңа әуежай салынып жатқан жоқ - жұмыс істеп тұрған әуежайдың жолаушылар терминалы жаңғыртылып жатыр.
Қазіргі жағдайы: терминалды реконструкциялау 2024 жылдың мамырынан бері жүргізіліп жатыр. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша дайындық деңгейі 37 пайыз болады.
Қашан аяқталады: терминалды реконструкциялау жұмыстарын 2027 жылдың ақпанында аяқтау жоспарланған.
Үржар әуежайы 1974 жылдан бері жұмыс істейді және жолаушыларға жыл бойы қызмет көрсетеді. Бұл ретте Алакөлде туристік маусым басталатын жаз айларында оған түсетін салмақ артады. Әдеттегі уақытта рейстер аптасына екі-үш рет орындалса, маусымның қызған шағында ұшақтар күн сайын ұшады.
ААК мәліметінше, Үржар ауылының әуежайы аптасына 12 тұрақты ішкі рейске қызмет көрсетеді.
Бұған дейін Tengri Travel реконструкциядан кейін терминал ауданы 2300 шаршы метр болып, өткізу қабілеті сағатына 70 жолаушыға дейін артуы тиіс екенін жазған болатын. Сондай-ақ жобада жаңа диспетчерлік мұнара, авариялық-құтқару станциясы, арнайы техникаға арналған гараж, бейнебақылау, қолжетімділікті бақылау және авариялық құлақтандыру жүйелері, сонымен қатар инженерлік желілерді жаңарту мен абаттандыру жұмыстары қарастырылған.
Еске салайық, Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы мен жаңғыртылуы қатар жүріп жатыр. Жаңа әуе айлақтары Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде де салынып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу