Үржардың жаңартылған әуежайы қашан ашылады мерзімдері аталды

01.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Көптеген турист Алакөлге жету үшін пайдаланатын Үржар әуежайы ауқымды реконструкциядан өтіп жатыр. Tengri Travel бүгінде не істелгенін, алда қандай жұмыс күтіп тұрғанын, жоба құны қанша екенін және оны қашан аяқтау жоспарланғанын анықтады.

Көптеген турист Алакөлге жету үшін пайдаланатын Үржар әуежайы ауқымды реконструкциядан өтіп жатыр. Tengri Travel бүгінде не істелгенін, алда қандай жұмыс күтіп тұрғанын, жоба құны қанша екенін және оны қашан аяқтау жоспарланғанын анықтады.

Неге әуежай жаңартылып жатыр?

Үржар әуежайы 1974 жылдан бері жыл бойы жолаушылар қабылдап келеді. Қыс пен көктем айларында ұшақтар мұнда аптасына небәрі екі-үш рет ұшып келсе, жаз мезгілінде жүктеме бірнеше есе артады - Алакөлде шомылу маусымы қызған шақта рейстер күнделікті жиілікке көшеді. Ескі терминал мұндай салмақты көтеруге қауқарсыз.

Әуежайды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатқанына бірнеше жыл болды. 2022 жылы жұмыстың бірінші кезеңі аяқталды: ұшу-қону жолағы екі есеге жуық ұзартылып, диспетчерлік пункт жаңартылды, сондай-ақ электр желісі мен су құбырын қоса инженерлік жүйелер ауыстырылды.

Ендігі кезекте реконструкция жолаушылар терминалын қамтыды.

Жұмыс аяқталғаннан кейін оның ауданы 2300 шаршы метрге дейін кеңейіп, өткізу қабілеті сағатына 70 жолаушыға дейін артады. Жаңартылған әуежай эскизін бұған дейін Көлік министрі көрсеткен болатын. Көлік министрлігі болжамынша, жаңартудан кейін әуежай әлдеқайда көп рейс қабылдай алады, ал өңірге келетін туристер ағыны төрт есе өседі.

Фото: Көлік министрлігі

Реконструкция қашан аяқталады?

Жұмыс 2026 жылдың мамырында басталды.

Үржар ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, құрылысты 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған.

"Іске асыру кезеңі - 2026–2027 жылдар. Құрылыстың басталу мерзімі - 2026 жылдың мамыры. Келісімшарт бойынша аяқталу мерзімі - 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін", - деді ведомство өкілдері.

Не өзгереді?

Екі жыл ішінде әуежайда мынадай жұмыстарды орындау жоспарланған:

терминал ғимаратын реконструкциялау; жаңа диспетчерлік мұнара салу; апаттық-құтқару станциясын тұрғызу; арнайы техникаларға арналған гараж салу; апаттық-құтқару хабарландыру, бейнебақылау және қолжетімділікті бақылау жүйелерімен жабдықтау.

Сонымен қатар жоба аумақты абаттандыру, көгалдандыру, жылу, желдету, су, газ және электрмен жабдықтау желілерін орнатуды қамтиды. Сондай-ақ сыйымдылығы 25 текше метр болатын ағынды суға арналған резервуар, өртке қарсы және күзет дабылы, автоматты өрт сөндіру жүйесі, телевизиялық желілер мен уақытты үйлестіру жүйесі қарастырылған.

Не істелді?

Аудандық ТҮКШ бөлімі мәліметінше, жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр.

Бүгінде құрылысшылар:

құрылыс алаңының уақытша қоршауын орнатты; қазандық пен газ жүйесіне арналған қазаншұңқырларды қазды; топырақты нығайту жұмыстарын жүргізді; болашақ іргетастың бетон негізін құйды. Жоба құны қанша?

Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жоба құны 6,9 миллиард теңге болғанын хабарлады.

Тапсырыс беруші - Абай облысының жергілікті ТҮКШ бөлімі, мердігер - "AKM Invest Group" ЖШС, ал техникалық және авторлық қадағалауға "Техна-С" және "СемипалатинскГражданПроект" компаниялары жауапты.

Айта кетейік, таяуда Алматы әуежайы акцияларының 15 пайызына иелік ететін Kazakhstan Infrastructure Fund C.V. қоры жобадан шығуға дайындалып жатқаны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Қорғаста 250 миллиард теңгеге әуежай салынбақ: жоба қай кезеңде?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью