Үш айда 135 млрд теңге алынған: Елімізде қаржысын баспанаға жұмсайтындар көбейген

18.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2026 жылы ел тұрғындары зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға көптеп пайдалана бастаған. Үш ай ішінде осы мақсатта БЖЗҚ-дан шамамен 135 млрд теңге шешіп алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Тұрғын үй мақсатында тек зейнетақының «артық» бөлігі ғана пайдаланылады. Бұл – жеткіліктілік шегінен асатын сома, яғни болашақ зейнетақы үшін міндетті түрде шотта қалуы тиіс қаражаттан артылған ақша. Әр жас тобы үшін жеке шек белгіленген.

Қазір елімізде жеткіліктілік шегін есептеу әдісін қайта қарастыруды жоспарлап отыр. Еңбек министрлігінің мәліметінше, шектер 2026 жылдың мамырында қайта қаралуы мүмкін. Осы өзгеріс күшіне енсе, зейнетақыдан алынатын қаражат көлемі азаяды. Сол себепті азаматтар қолданыстағы мүмкіндік аясында ақшаларын ертерек шешіп алуға тырысып жатыр.

БЖЗҚ деректеріне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар – наурыз айларында зейнетақы жинағын тұрғын үй мақсатында пайдалану бойынша ең көп қаражат келесі бағыттарға жұмсалған:

тұрғын үй сатып алу және толық есеп айырысу – 50,2 млрд теңге; «Отбасы банк» депозитін толықтыру – 43,8 млрд теңге; БВУ ипотекасын ішінара өтеу – 14,4 млрд теңге; «Отбасы банк» ипотекасын ішінара өтеу – 12,1 млрд теңге; ипотека бойынша бастапқы жарна – 3,9 млрд теңге.

Сәуір айында бұл үрдіс күшейген. Тұрғын үй сатып алуға шешіп алынған қаражат 66,8 млрд теңгеге жетіп, наурыз айымен салыстырғанда 33%-ға артқан. Сонымен қатар «Отбасы банк» депозиттерін толықтыру да көбейген.

Айта кетейік, бұған дейін зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппағанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар

Африкада Эбола індетінен 88 адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 13:55

Емханаға тіркелу ережесі жаңарады: Министрлік жаңа жоба ұсынды

Медицина • Бүгін, 13:32

Францияда Эпштейн ісіне қатысты шағымдар көбейді

Әлем • Бүгін, 13:25

«Банктер ипотекалық бағдарламаны қысқартуы мүмкін». Сарапшы тағы қандай тәуекелдерді айтты?

Құрылыс • Бүгін, 13:05

Қазақстанның көмірі қанша ғасырға жетеді?

Энергетика • Бүгін, 13:01

Алматының бірнеше ауданында жарық өшеді: Кесте қандай?

Алматы • Бүгін, 12:57

Nvidia-ның табысы Германия экономикасынан асып түсті

Технология • Бүгін, 12:45

Қазақстанның халықаралық резервтерде қанша алтыны бар?

Экономика • Бүгін, 12:38

Жұлдыз Сүлейменова жаңа орынбасарын таныстырды

Тағайындау • Бүгін, 12:25

Зеленский кеңсесінің бұрынғы басшысы қамаудан босап шықты

Әлем • Бүгін, 12:19

«Музей түні»: Қазақстанда ерекше мәдени кеш қалай өтеді?

Музей • Бүгін, 12:09

Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды

Футбол • Бүгін, 12:00

Илон Маск Францияда қамауға алынуы мүмкін

Әлем • Бүгін, 11:55

Сауалнама: Жастардың 90%-ға жуығы ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды

Қазақстан • Бүгін, 11:47

Атыраудағы отбасының өлімі: Атышулы іске қатысты сот отырысы басталды

Қылмыс • Бүгін, 11:32

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью