Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, үш айда шетелдік туристердің саны 36,6%-ға өсті. Саяхатшылардың көбі Қырғызстан (807 мың адам), Тәжікстан (713,9 мың адам) және Қазақстаннан (681,9 мың адам) келген.
Сондай-ақ, Ресей (223,2 мың адам), Ауғанстан (120,1 мың адам) және Қытай (87 мың адам) азаматтарының үлесі басым.
Фото: Әлихар Асқар/KazinformКомитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.
Қоса кетсек, таяуда Өзбекстан Мемлекеттік кеден комитетінің Стратегиялық жоспарлау және кедендік рәсімдерді оңтайландыру басқармасының бастығы Фарход Олимжонов Kazinform агенттігіне сұхбат беріп, саяхатшылар қаперде ұстауы тиіс ережелерді айтқан еді.
Сондай-ақ, биыл наурызда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан «Атамекен — Сырдария» кедендік бақылау бекеті жөндеуден кейін қайта ашылды.