Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан "Солтүстік бағыт" арқылы есірткі тасымалдаған халықаралық арнаның жолын кесті, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Операция барысында Ресейдің Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.
"Тінту кезінде олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрайтын 30 келі ауған гашиші тәркіленді", – деп хабарлады комитет.
Қазіргі уақытта Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.