Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Төлем облыс прокуратурасының бастамасымен қолға алынған, есірткі қылмысына қарсы күресте азаматтарды белсенділік танытуға ынталандыруға бағытталған «STOP есірткі!» пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.
Жоба іске қосылғаннан бері бір жыл ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Түскен хабарламалар бойынша 12 қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз айналымнан 3 келіге жуық синтетикалық зат тәркіленді. Қырағы азаматтарға берілген төлемдердің жалпы сомасы 3 млн теңгеден асты.
— Облыс прокуратурасы тұрғындарды есірткі тарату фактілері туралы «102» арнасына немесе 14 68, 8 771 659 53 22 сенім телефонына хабарлауға шақырады. Әрбір хабарласқан адамға құпиялылыққа, қауіпсіздікке және расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақыға кепілдік беріледі, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Тараз полициясы 43 жастағы күдіктіден 122 грамм синтетикалық есірткі тәркіледі.