Үш күн ішінде 2400 ден астам жасөспірім полицияға түсті не болды

06.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстан полициясы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық шаралардың қорытындысын жариялады. 1-3 шілде аралығында рейдтер Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Абай және Ұлытау облыстарында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шараларға 3 мыңға жуық полицей жұмылдырылды.

Полицияға 2400-ден аса кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның 1500-ден астамы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін, сондай-ақ, қараусыз және панасыз жүрген 1000 бала ұсталды.

4000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 257 ата-ана бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды; 1500-ге жуық ата-ана кәмелетке толмағандардың түнде көшеде және ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін жазаланды.

Полиция мұндай алдын алу шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұратынын хабарлады.

"Құрметті ата-аналар! Бала қауіпсіздігі — ең алдымен, отбасының жауапкершілігі. Жазғы демалыс кезінде балаларыңыздың бос уақытына ерекше көңіл бөлуді, олардың қайда жүргенін, кіммен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін қадағалауды сұраймыз", — деп үндеу тастады ІІМ өкілдері.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью