Үш облыста шектеу енгізілген жолдар ашылады

23.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

-23 қаңтар сағат 10:00-де республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады,-делінген хабарламада.

Қостанай облысы: - «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Ақмола облысының шекарасы);

- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолы) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 555-729 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – СҚО шекарасы);

- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолы) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 539-418 шақырым аралығы (Қостанай қаласы – Қарабалық ауылы);

- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы);

- «Мамлютка – Қостанай» автожолының 403-180 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – СҚО шекарасы); 

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-501 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Рудный қаласы).

Павлодар облысы:- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Ақтөбе облысы:- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтық елді мекені – Қостанай облысының шекарасы).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Осыған дейін 23 қаңтарда республика бойынша қай жолдар жабық екені туралы ақпарат тараттық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью