Үш өңірде құрылыс қарқыны баяулады үкімет

14.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қазақстанның үш өңірінде құрылыс қарқыны баяулады. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Астана мен Алматыда, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарында құрылыс жұмыстарының көлемі өсті. Ал үл өңірде керісінше баяулап отыр.

"Құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі Атырау және Абай облыстарында, Шымкент қаласында байқалды", - деді Амрин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Жалпы, тоғыз айда республика бойынша 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың дәл сол кезеңінен 3,4%-ға артық.

"Ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау, Алматы, Жетісу мен Түркістан облыстарында, Алматы қаласында байқалады", - деді вице-министр.

Айта кетері, 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3 процентті құрады. Оған құрылыс саласы да өз үлесін қосты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью