Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен (MMA) бәсекелер жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ширек финалдың нәтижесі бойынша үш қазақстандық жауынгер жартылай финалға өтті.
71 келіге дейінгі салмақта (modern) Қадырбек Шынбаев ширек финалда Бахрейн өкілі Курбан Идрисовты жеңді.
Ал Санжар Әділов 65 келіге дейінгі салмақта (traditional) Афшин Салими Тупгарадан (Иран) басым түсті.
77 келіге дейінгі салмақта (traditional) Еркінғали Бүркіталин оңтүстіккореялық Юн Тэёнды жеңді.
Айта кетейік, бұл спорт түрінен жартылай финалдық бәсекелер 21 қыркүйекте өтеді.