Үш түрлі арнаулы салық режимі

26.01.2026

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Естеріңізге салайық, биылдан бастап арнаулы салық режимі жетіден үшке кемітілді.

Соның бірі оңайлатылған декларация негізіндегі төлем. Мұнда табыс 2,5 млрд теңгеге жуықтаса қосылған құн салығы бойынша тіркелудің қажеті жоқ. Яғни ол төленбейді. Айтпақшы, жаңа ережеге сәйкес енді жалдамалы жұмысшы саны да шектелмейді. Кейінгісі өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған. Бұл санаттағылар үшін керісінше жалдамалы жұмысшы ұстауға болмайды. Салықтық мөлшері 0 пайыз. Тек табысынан әлеуметтік төлемдерге 4 пайыз шегеріліп отырады. Бұлар декларация тапсырмайды. Тағы соңғысы ауыл және шаруа қожалықтарына байланысты. Негізі аса қатты өзгеріс жоқ. Тек  бірыңғай жер салығы орнына жеке табыс салығы төленеді. Мөлшері 0,5 пайыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью