Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
- Өңдеу саласына келетін инвестиция көлемінің тұрақты өсуі үшін экономиканы шикізатпен қамтамасыз ету маңызды. Өткен кезеңдегі деректер негізінде қалыптасқан ресурстық база сарқылып бітуге жақын. Сондықтан геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы 1:200 000 масштабтағы кеңестік кезеңде жасалған қолданыстағы картаның орнына 1:50 000 масштабтағы геологиялық картаны әзірлеу жұмыстары басталды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, алдағы 3 жылда мемлекет тарапынан геологиялық барлау жұмыстарына шамамен 500 млн доллар инвестиция салынатын болады. Салыстыру үшін айта кетсек, соңғы 30 жылда бұл салаға барлығы 760 млн доллар жұмсалған, - деді Олжас Бектенов.
Оның атап өтуінше, нәтижесінде перспективасы жоғары учаскелерде сейсмикалық сынақтардан бастап аэрогеофизикалық зерттеулерге дейін барлығы 100 мың шаршы шақырым аумақ зерттеледі. Кейін әр жыл сайын қосымша 30 мың шаршы шақырым аумақта барлау жұмыстары жүргізілетін болады.
- Мұндай ауқымды барлау жұмыстарын жүргізу үшін көптеген салалық мамандар қажет. Өкінішке орай, біз мұндай мамандардың қатарын азайтып алдық. Бұл олқылықтын орнын толтыратын боламыз. Мемлекет қаржысынан бөлек, геологиялық барлауға жеке инвестициялар да тартылуда. 2023 жылдан бері оның көлемі 500 млн доллардан асты. Біздің басты мақсатымыз – отандық кәсіпорындар үшін шикізат базасын айтарлықтай кеңейтіп, оны терең өңдеуге мүмкіндік жасау, - деді Үкімет басшысы.
Бұған дейін Премьер-министр өңдеу өнеркәсібінің қазіргі өсу қарқыны экономиканы толыққанды әртараптандыру үшін жеткіліксіз екенін айтқан еді.