Үш жылу электр орталығы салынады Тоқаев нақты мерзімін белгіледі

30.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау, Семей мен Өскеменде жылу электр орталықтарын салудың нақты мерзімін белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда көмірдің мол қоры бар. Тоқаевтың айтуынша, осы артықшылықты барынша тиімді пайдалану керек.

"Алдағы үш жылдың ішінде Көкшетау, Семей мен Өскеменде үш жаңа ЖЭО-ны салу қажет. Барлық технология жоғары экологиялық стандарттарға сай болуы шарт. Бұл станцияларды міндетті түрде салған жөн. Ол жерде әңгіме көп, бірақ нақты жұмыс аз", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Бұған дейін осы жобалар бірнеше рет талқыланған болатын. Үкімет үш жаңа ЖЭО-ға қажетті көмір көлемін де есептеп шығарған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью