Ұшақ ауада кенеттен “төмен құлдырады“ жолаушылар төбеге ұшып түсті

05.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Пхукет - Дели бағыты бойынша AI2379 рейсін орындаған Air India ұшағы қатты турбуленттілікке тап болып, соның салдарынан биіктігін күрт жоғалтты. Оқиға 4 тамызда ұшу кезінде болған, деп хабарлайды Tengri Travel.

The Times of India басылымының мәліметінше, Airbus A320 әуе кемесі кенеттен шамамен 90 метрге төмендеген. Биіктіктің күрт өзгеруінен жолаушылар салон төбесіне дейін ұшып, ұшақ ішіндегі кейбір панельдер зақымдалған.

Болған жағдайға қарамастан, экипаж рейсті сәтті аяқтады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-ден көп ұзамай Дели әуежайына қауіпсіз қонды.

Қанша жолаушы зардап шекті?

Бортта 134 жолаушы болған. Қонғаннан кейін ұшақты Air India медициналық қызметінің мамандары қарсы алды.

Тасымалдаушының мәліметінше, бірнеше жолаушы мен экипаж мүшесі жарақат алған. Алғашқы медициналық көмек тікелей әуежайда көрсетіліп, кейін зардап шеккендердің бір бөлігі мамандандырылған медициналық мекемелерге жіберілді.

Үндістандық БАҚ-тың ақпараты бойынша, ауруханаға сегіз жолаушы мен төрт стюард жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Сонымен қатар Air India оқиға салдарынан ауыр жарақат алғандар тіркелмегенін хабарлады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Jammu Links News (@jammulinksnews) жариялаған видео

Air India не дейді?

Әуекомпания ұшу кезінде ұшақтың қысқа мерзімді турбуленттілікке тап болғанын, бұл биіктіктің уақытша өзгеруіне әкеп соққанын мәлімдеді.

"Крейсерлік биіктікте ұшу кезінде ұшақ қысқа мерзімді турбуленттілік әсеріне ұшырап, бұл биіктіктің уақытша өзгеруіне алып келді. Әуе кемесі Делиге сәтті қонды, барлық жолаушы мен экипаж мүшелері ұшақтан қауіпсіз шықты. Қазіргі уақытта ауыр жарақаттар туралы ақпарат жоқ. Медициналық тексеруді қажет еткен жеңіл жарақат алған аз ғана жолаушылар мен экипаж мүшелері профилактикалық тексеруден өту және Air India қызметкерлері мен медицина мамандарының көмегін алу үшін әуежайдың медициналық орталығына жеткізілді",- делінген әуекомпаниясының мәлімдемесінде.

Тергеу басталды

Оқиғадан кейін Үндістанның авиациялық реттеушісі болған жағдайдың мән-жайын тергеуге кірісті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, мамандар биіктіктің күрт жоғалу себептерін анықтау және оқиға кезіндегі экипаж әрекетін бағалау үшін ұшақтың борттық өздігінен жазғыш құрылғыларын (қара жәшіктерді) алған.

Тергеудің ресми нәтижелері әзірге жарияланған жоқ.

Тағы оқыңыз: Malaysia Airlines ұшқышы чемодан ішіндегі зат үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью