Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Монреаль әуежайында Париж бағытындағы ұшақ ұшар алдында қайғылы оқиға болды. Ұшақ артқа қарай қозғалып бара жатқан кезде әуежайдың жердегі қызметкерін қағып кеткен. Ол кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Tengri Travel.
Montreal CityNews мәліметінше, қайғылы оқиға 24 тамыз күні кешке Монреальдағы Пьер Эллиот Трюдо атындағы халықаралық әуежайда болған. БАҚ ұшақ French Bee әуе компаниясына тиесілі екенін хабарлады. Ол жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де Монреальдан Парижге ұшуы тиіс еді. Алайда CBС таратқан ақпаратқа сәйкес, бастапқыда жексенбіге жоспарланған бұл рейс кейінге шегерілген.
Сағат 19:30 шамасында әуежайға шұғыл қызметтер шақырылды. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Полицияның мәліметінше, сол кезде оның жағдайы өте ауыр және өміріне қауіп төніп тұр деп бағаланған.
Кейін әуежай қызметкері алған жарақаттарынан қайтыс болғаны белгілі болды.
Facebook-те болжам бойынша қақтығыстан кейін түсірілген кадрлар пайда болды. Видеода оқиғаның салдары көрінеді.
Әуежай өкілдері не дейді?Монреальдағы Пьер Эллиот Трюдо атындағы әуежайды басқарушы компания (Aéroports de Montréal) марқұмның отбасы мен әріптестеріне көңіл айтты.
"Әуежай қауымдастығы мүшесінен айырылу бәрімізге ауыр тиді. Осынау қиын сәтте марқұмның отбасына, жақындарына және әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз", - деді ADM президенті әрі бас атқарушы директоры Ив Бошамп.
Тергеу жұмыстары Канаданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік даму министрлігіне (ESDC) тапсырылды. Өзге мәлімет әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, жақында Batik Air бортсеріктері мен жолаушыларына ұшу кезінде агрессия көрсеткен ер адамды сабырға шақыруға тура келген. Ол апаттық есікті ашпақ болып, иллюминаторды тепкілеген.
Тағы оқыңыз: Ұшқыштар мен бортсеріктер алаңдатарлық рейтингте көш бастады
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу