Ұшақ билеттеріне қатысты тексеру басталды министр | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер әуе компаниясындағы овербукингке қатысты сұрақ қойып, қазір осы мәселе бойынша қандай шешім жасалғанын сұрады.
- Біріншіден, овербукинг тиісті тетік ретінде барша әлемде қолданылып келеді және осы мәселені бірнеше рет көтерген едік.
Екіншіден, аталған мәселеге қатысты БАҚ-та тараған ақпаратқа тоқталсақ, Азаматтық авиация комитеті тиісті тексеруді бастады.
Осы орайда бұл тексеріс нәтижесін жариялаймыз... Бұл ретте таралған ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріс анықтайды, - деді Н.
Сауранбаев. Бұған дейін әуе тасымалдаушылары «овербукинг», яғни ұшақтағы орын санынан артық билет сату тәсілін жиі қолданатынын жазған едік.
Еске салайық, бұған дейін FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкері Ренат Абулханов Air Astana топ-менеджерлерінің мүддесіне әуе билеттерін жеңілдікпен сатқанын мәлімдеді.
Air Astana бұрынғы қызметкердің мәлімдемесіне жауап берді. Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағал
Читать полностью
Читать новость