Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Тиісті қаулыға 7 сәуірде президент Шавкат Мирзиёев қол қойды. Бұл шара елдегі ет бағасын тұрақтандыруға бағытталған.
— 2026 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін ұсақ мал мен ірі қара етін ұшақпен тасымалдау шығындарының 50%-ы мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Алайда, субсидия сомасы әр келі үшін 80 центтен аспауы тиіс, — делінген қаулыда.
Сонымен қатар, шетелден әуе кемесімен асыл тұқымды ірі қара импорттаушыларға да жеңілдік ұсынылмақ. Атап айтқанда, жыл соңына дейін республикаға әкелінген әр мал басына 4 млн сумға (шамамен 152 мың теңге) дейінгі тасымалдау шығындары өтеледі.
Еске сала кетейік, Өзбекстан 2027 жылға дейін Моңғолиядан 100 мың бас ұсақ мал сатып алуға ниетті.