Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Тәжірибелі саяхатшылардың өзі турбуленттілікті әрдайым жайбарақат өткере бермейді. Ұшаққа отырмас бұрын жағымсыз сезімді азайтуға болатыны белгілі болды - ол үшін орынды дұрыс таңдау жеткілікті. Бұрынғы бортсерік әрі ұшқыш ең жайлы орындар қайсысы екенін айтып берді, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Daily Express-ке сілтеме жасап.
Турбуленттілік қай жерде аз сезіледі?
Wizz Air ұшқышы Себастьян Харрисонның айтуынша, ең жайлы орындар шамамен 15-қатар маңында орналасқан.
"Турбуленттілік тұрғысынан ұшақтағы ең жақсы орындар шамамен 15-қатарда; себебі турбуленттілік кезінде ұшақ жоғары немесе төмен теңселсе, салон ортасында бұл теңселу аз болады", - деп түсіндірді ол.
Себебі қарапайым: салонның бұл бөлігі қанаттың үстінде - ұшақтың ауырлық орталығына жақын орналасқан. Дәл осы жерде тербеліс аз сезіледі. Ұшақтың алды мен арты айтарлықтай көтеріліп-түсуі мүмкін, ал салонның орталық бөлігінде қозғалыс әдетте онша білінбейді.
Көптеген ұшақта шамамен осы маңда апаттық шығу есіктері жанындағы орындар орналасады. Әдетте ол жерде аяққа арналған орын көбірек, бұл ұшуды жайлы етеді.
Дегенмен, мұндай орындар бәріне бірдей келе бермейтінін ескеру қажет. Апаттық шығу есіктеріндегі жолаушылар қажет болған жағдайда шұғыл эвакуация кезінде экипажға көмектесуге дайын болуы тиіс.
Талғамға қарай орындарды қалай таңдау керек?Сарапшылар турбуленттілікке ғана емес, басқа да факторларға назар аударуды ұсынады:
салонның алдыңғы бөлігі - әдетте мұнда тыныш, қызмет көрсету тезірек басталады және ұшақтан шығарда кезек аз болады; қанат үстіндегі орындар - турбуленттілікті ауыр көтеретіндер үшін ең жақсы таңдау; салонның алдыңғы бөлігіндегі дәліз жанындағы орындар жиі тұрып, еркін қозғалуды қалайтын жолаушыларға қолайлы; апаттық шығу есіктері мен аралық қалқалар жанындағы орындар аяққа арналған қосымша кеңістікті қамтамасыз етеді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу