Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ұшақтарда тұрақты интернет қашан болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл Қазақстанға жаңа ұшақтар жеткізіледі. Олардың бортында тұрақты интернет болады.
"Биыл Dreamliner 787 ұшақтары жеткізіледі. Жоспар бойынша олар алдымен интернетпен қамтамасыз етіледі", - деді Ластаев сенаттағы брифингте.
Оның айтуынша, жаңа ұшақтар жылдың соңыда немесе жаңа жылдың басында жеткізіледі. Барлығы халықаралық рейстерді орындайтын болады.
Осы орайда Ластаев билет бағасы әзірше өзгермейтінін де айтты.
"Бізде бірлескен жұмыстың нәтижесінде әуе керосинінің бағасы 1300 доллардан 900 долларға дейін төмендетілген болатын. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Оған қоса, өзімізде өндірілетін керосин бар. Әуе компаниялары оны тікелей өндірушіден сатып алады. Сондықтан бүгінде билет бағасын көтеру фактілері тіркелген жоқ", - деді вице-министр.
Ластаев әуе билеттерін алдын ала сатып алуға кеңес беріп отыр. Сонда бағасы тиімді болады.