Ушудан тарихи алтын алған спортшы жетістігінің сырын айтты

02.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен дүбірлі додада Ильдар финалға дейін сенімді жетіп, шешуші жекпе-жекте мысырлық қарсыласын басымдықпен жеңді. Бапкердің айтуынша, бұл нәтиже жоспарлы дайындықтың жемісі.

– Ушу-саньда – толық байланыстағы жекпе-жек түрі, онда соққы, тебу және лақтыру әдістеріне рұқсат етіледі. Спортта тәртіпке ерекше мән береміз. Жетістіктің сыры да осы. Турнир алдында Қазақстан құрамасы Қытайда оқу-жаттығу жиынын өткізді, жергілікті спортшылармен бірлескен дайындықтар өтті, – дейді бапкері.

Ильдар спортқа небәрі 5 жасынан бастап келген. Оның айтуынша, тек физикалық емес, психологиялық және моральдық дайындық та үлкен рөл атқарады.

– Алаңға 48 келіге дейінгі салмақта шықтым. Бұл салмақта қарсыластар көп болды. Финалдағы мысырлық спортшымен айқас оңай болған жоқ, соңғы сәттерге дейін тартыс жүрді. Финалға дейін де екі мықты спортшымен кездестім. Психологиялық, физакалық дайындық көмектесті, – дейді Ильдар.

Айта кетейік, 23-31 наурыз аралығында Тяньцзиньде өткен әлем чемпионатына 78 елден 1100-ден астам спортшы қатысты. Бұл – ушудан жастар арасындағы 10-шы әлем біріншілігі.

Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізіп, жалпы 10 медаль (3 алтын, 3 күміс, 4 қола) жеңіп алды. Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында ұлттық жастар құрамасының бірден үш алтын еншілеген алғашқы ірі жетістігі тіркелді.

Бұған дейін 18 қазақстандық спортшы 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына шақырту алды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью