Ұстаздық ғұмыр белесі

05.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Білім – бақыттың кілті, мұғалім білім дариясының мұрабы» деген нақылдың мәні ешқашан маңызын жоғалтқан емес. Қай кезеңде де ел ертеңі білімді ұрпаққа байланысты болса, сол ұрпақты тәрбиелейтін тұлға – ұстаз. Мұғалім еңбегі қашанда құрметке лайық. Биыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Біржан ауылындағы Амангелді орта мектебінің ардагер ұстазы, математика пәнінің мұғалімі София Ағзамқызы мерейлі жасқа толып отыр. Ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған педагогтің өмір жолы тұтас бір дәуірдің шежіресі
іспетті.

София Ағзамқызы – ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдаған жанның бірі. Педагогикалық білім алып, еңбек жолын ауыл мектебінде бастаған жас маманға ұстаздық жай ғана мамандық емес, өмірлік миссияға айналды. Ол 1961 жылдан 1988 жылға дейін Амангелді орта мектебінде табан аудармай қызмет етіп, бірнеше буын шәкірт тәрбиеледі. Сол жылдары ауыл мектебі білім ордасы ғана емес, тәрбиенің, мәдениеттің, адамгершілік құндылықтардың орталығы болатын. Ұстаз осы жауапкершілікті терең сезіне білді.

Математика – талап пен табанды­лықты қажет ететін пән. София апай әр шәкірттің қабілетін танып, күрделі ғылымды түсінікті жеткізуге ерекше мән берді. Оның сабағында тәртіп те, талап та, мейірім де қатар жүретін. Сондықтан шәкірттері ұстазын әділдігі мен жана­шырлығы үшін құрметтейтін. Бүгін­де әр салада еңбек етіп жүрген көпте­ген азамат алғашқы өмірлік бағыт­ты дәл осы ұстаздың тәлімінен алғанын мақтанышпен айтады.

Ұстаздың ағартушылық қызметі күн­делікті сабақпен ғана шектелген жоқ. Ауыл жастарының білімін толық­тыру мақсатында ашылған кешкі оқуға жетекшілік етіп, түрлі себеппен оқуын жалғастыра алмаған жастардың орта білім алуына жағдай жасады.

Сондай-ақ София Ағзамқызы әріп­­тестері арасында білімімен де, адам­­гершілік болмысымен де ерекше­ленді. Сыпайылығы, сабырлы мінезі, мәдениетті қарым-қатынасы оны көп­ші­лікке үлгі етті. Бірнеше тілді мең­геріп, өнерге жақын болуы да оның жан-жақты тұлға екенін көрсетті. Ән айтып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ауыл өмірінің рухани тынысына үлес қосты. Ұзақ жыл әйелдер кеңесін басқарып, ауыл бірлігі мен татулығын нығайтуға атсалысты.

Ұстаздың өміріндегі тағы бір үлкен белес – отбасы тәрбиесі. Өмірлік жары Сламхан Айтмұханбетұлымен бірге үлкен әулеттің іргесін қалап, 5 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірді. Балалары мен немере-шөберелері білім мен еңбекке адал болып өсіп, әрқайсысы қоғамның түрлі саласында қызмет етіп жатыр. Бүгінде бұл шаңырақты ұстаздар әулеті деп атауға толық негіз бар. Ұрпақтарының едәуір бөлігі педа­гогикалық жолды таңдап, елдің түкпір-түкпірінде шәкірт тәрбиелеп жүр.

Ұзақ жылғы еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. Білікті пе­дагог «Ардагер ұстаз» медалімен мара­патталып, Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатына ие болды. Бұл марапаттар – ұстаздың маңдай тері мен адал еңбегінің көрінісі ғана емес, шәкірт жүрегіндегі шынайы алғыстың белгісі.

Ауыл тұрғындары София апайды мұғалім ретінде ғана емес, парасатты ана, ақылшы әже, елге сыйлы жан ретінде таниды. Қонақжайлылығы мен кең пейілі, кешірімділігі мен қарапайым болмысы оны жұрт­шы­лыққа жақын етті. Ардақты ұстаздың үйі әрдайым береке мен бірліктің ордасына айналған.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. София Ағзам­қызы тәрбиелеген шәкірттері мен өсір­ген ұрпағы – оның ғұмырының жал­ғасы, ең үлкен жетістігі. Бүгінде немере-шөбере қызығын көріп отырған ардақты ұстаз – бірнеше буынның жүрегінен орын алған тұлға.

Тоқсан жылдық ғұмыр – уақыт өлшемі ғана емес, елге сіңген еңбек пен тәрбиеленген тағдырлардың жиын­тығы. Ұстаздың жүріп өткен жолы жас ұрпаққа адал еңбек пен білімге қызмет етудің айқын үлгісі болып қала бермек.

Бағдат САНСЫЗБАЕВА,

шәкірті

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы,

Біржан ауылы

Соңғы жаңалықтар

Тотықұс асырағанның ұпайы түгел

Кәсіпкер • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

Жануарлар • Бүгін, 08:15

Көгерген нан да қажетке жарайды

Таным • Бүгін, 08:10

«Алан туралы аңыз» көрерменге жол тартады

Кино • Бүгін, 08:05

Дәстүрлі аспаптар шеруі

Өнер • Бүгін, 08:00

«Ұзын» ақша, токенизация және бірыңғай нарық – KASE көзқарасы

Қаржы • Кеше

Ораз Жандосов: Либералданбаған нарықтар мен алтынды «айналау» инфляцияны кұшейтіп жібереді

Қаржы • Кеше

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылды

Ауа райы • Кеше

Түркия билігі Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты

Әлем • Кеше

Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті

Саясат • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Шиеленіс аймақтарынан 946 отандасымыз шығарылды

Әлем • Кеше

Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа кезеңі

Ата заң • Кеше

Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді

Аймақтар • Кеше

Түркия өз әуесінде Ираннан ұшырылған зымыранды жойды

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью