Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

28.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Клуж-Напока (Румыния) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетуін жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз ерлер арасындағы жекелей сайысты сәтті бастады.

1/16 финалда Құрманғалиев Пуэрто-Рико спортшысы Энрике Риоспен кездесті. Алан айқын басымдық танытып, 4:0 есебімен (11:6, 11:5, 11:3, 11:7) жеңіске жетті.

1/8 финалда қазақстандық спортшы Францияның аралас жұптық сындағы чемпионы, әлемдік рейтингте 33-орында тұрған 17 жастағы Флавьен Котонмен кездеседі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью