Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Nomad үстел теннисі академиясы қытайлық спортшының команда құрамына қосылғанын ресми жариялады.
— Әлемдік деңгейдегі спортшының қосылуы команданы нығайтып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстандағы үстел теннисін дамытудағы стратегиялық қадам. Фан Боның қатысуымен Қазақстандағы үстел теннисі жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Фан Бо жаттығу процесіне белсенді қатысады, халықаралық тәжірибемен бөліседі, спортшыларға кеңес береді және жетекші ойыншылардың спарринг-серіктесі ретінде әрекет етеді, — деп атап өтті академия баспасөз қызыметі.
Айта кетерлігі, Фан Бо қазақстандық команда сапында Дүниежүзілік үстел теннисі кәсіби лигасында (WTT) бақ сынайды.
Еске сала кетейік, Фан Бо өткен жылы үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына қатысты.
Сонымен қатар. Қытайлық спортшы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, әңгімелескен болатын.