Үстемақыға қалай қарайсыз? Сауалнама

31.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Соңғы 7 жылда елімізде дәрігерлердің орташа жалақысы 2,5 есе өскен. Тиісінше азаматтарға ұсынылатын медициналық қызмет көлемі де кеңейген.

Алғашқы көмек көрсететін дәрігерлердің қабылдау уақыты ұзартылып, жаңадан жедел-жәрдем кабинеттері ашылды. Сақтандырылмаған азаматтардың онкоскринингтен өту мүмкіндігі 300 мың адамға артып, медсақтандыру арқылы қызмет көрсететін жекеменшік ұйым саны 63 пайызға жеткен. Ал келер жылдан бастап қан айналым жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, вирусты гепатиттерді ерте анықтауға арналған скринингтер нысаналы санаттағы барлық сақтандырылмаған адамдарға көрсетілмек. Ақ халаттыларға берілетін қосымша үстемақыға байланысты тілшіміз қала тұрғындарының пікірін сұраған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью