Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: kapital-rus.ru
Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам зардап шеккен, олардың үшеуі – балалар. Кейбір зардап шеккендерге сүйек сынуы диагнозы қойылып, олар Артем қалалық ауруханасына жеткізілді.
Жергілікті биліктің мәліметінше, көпір ұзақ уақыт бойы апатты жағдайда болған және келушілер үшін жабылған. Соған қарамастан, демалушылар суға секіру және суретке түсу үшін көпірге шығуын жалғастырған.
Оқиғаға байланысты прокуратура тексеру бастады. Қадағалау органы көпірдің техникалық жағдайы мен оның қауіпсіз пайдаланылуына жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға береді.